English version

Қазақстанды жаяу шарлаған қарт жиһанкезге пәтер сыйлады

Контекст дня — 12 октября 2022 12:35
0 -1

Жезқазғанда Қазақстанды жаяу шарлаған атақты жиһанкезге құрмет көрсетілді. 72 жастағы ақсақал Сәрсенбай Қотырашев алты ай ішінде ел ішін түгел аралап шықты.

Ақсақал Жезқазғаннан шығып, елдің шығысымен өтіп, Каспийге жетті. Қарт жиһанкез 8000 шақырымды жүріп өткен.

«Қазақмыс» басшылығы Жезқазғанда Сәрсенбай Котрашевке жиһазбен және тұрмыстық техникамен жабдықталған екі бөлмелі пәтердің кілтін сыйға тартты.

– Қариямыз жаңадан құрылған облысты насихаттап, ішкі туризмнің дамуына өлшеусіз үлес қосып отыр. Оның бұл ерлігі жастарға үлгі. Екінің бірі 8 мың шақырымды жаяу жүріп өте алмайды. «Қазақмыс» корпорациясы мұндай ерекше жандарды қолдауға әрқашан дайын, – деді «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС бас директоры.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.