Қазақстаннан қашқан Күдебаев қай түкпірді паналады?
Қаңтар оқиғасына байланысты сотты болған Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың елден қашып кеткені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Құдебаев қаңтар айындағы оқиғалар бойынша елден қашып кетті. Оған бір ай бұрын сот үкімі шығуы керек еді, бірақ сот қандай да бір себептермен кейінге қалдырылды. Күдебаев ауруханаға жатты, – деп жазылған хабарламада.
Ulysmedia.kz дереккөзі Серік Күдебаевтың 23-24 наурыз күні елден қашып, Қырғызстанмен шекараны заңсыз кесіп өткенін хабарлады. Кейін Бішкек арқылы Түркияға жол тартқан.
Еске салайық, Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған еді.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.