English version

Қазақстаннан бой тасалаған Байбек Германияда ескерткіш орнатты

Контекст дня — 11 апреля 2023 16:30
0 -1

Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек Германиядағы музыкалық мектепке қолдау білдіріп, бюст орнатуға қаржы жұмсады деп хабарлайды Exclusive.kz саясаткер Ербол Еділов Тelegram-арнасына сілтеме жасап.

– Кипрге қашқан Бауыржан Байбек Любек қаласындағы музыкалық мектепке қаржылық демеу берген. Осылайша танымал пианист Эвелинда Трекнердің бюстін орнатып берді, – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Бауыржан Байбек Германияның Любек қаласындағы музыкалық мектебін тәмамдаған.

Бауыржан Байбек 2015 жылдың тамыз айынан бастап 2019 жылдың маусым айына дейін Алматының әкімі болды, 2013 жылдың қаңтар айынан бастап Nur Otan (Қазіргі – Amanat) партиясының бірінші орынбасары, 2009 жылдың тамыз айынан бастап Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.