English version

Қазақстанның 50 тонна гуманитарлық көмегі Сирия топырағына жетті

Контекст дня — 11 февраля 2023 17:35
0 -1

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының (IOFS) қолдауымен Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жеткізді, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– Мемлекеттік резервтен бөлінген консервілер, жылы киімдер, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары Сирияға жіберілді. IOFS бас директоры Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүктердің жеткізілуін бақылау үшін Сирияға барды. Алеппо қаласына ҚР Ұлттық ұланы авиациясының төрт рейсімен көмек келді, – деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, жер сілкіністерінен зардап шеккен Сирия Араб Республикасына 50 тонна гуманитарлық көмек жіберу туралы шешім қабылданды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Сирияға гуманитарлық көмек көрсету туралы тапсырма берген еді.

Фото: ТЖМ

Изображение 1 для Қазақстанның 50 тонна гуманитарлық көмегі Сирия топырағына жетті
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.