Қазгидромет 12 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктердің болжамы бойынша, республиканың шығысында қатты жауын-шашын күтіледі, оңтүстік өңірде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Республиканың шығысында жаңбыр жауады.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, шығысында, таулы аудандарында түнде және таңертең Түркістан өңірінің батысында, оңтүстігі мен таулы аудандарында, таңертең және күндіз Алматының таулы аудандары мен оңтүстігінде, күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Күндіз Шығыс Қазақстан, Абай облыстарының солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі деп күтіледі.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.