Қазақ тілін кемсіткен Мухоряпов жазадан оңай құтылды
Қазақ тілі туралы пікір айтып, басы дауға қалған бизнесмен Chocofamily Holding компаниясының иесі Рамиль Мухоряповқа қатысты қылмыстық іс тоқтады, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– Құқық қорғау органдары жүргізген сотқа дейінгі тергеу нәтижесіне сай, ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 35-бабы 1-бөлімі 2-тармағына сай, істе қылмыстық құрамның болмауына байданысты қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданды, – деді Алматы прокуратурасының орынбасары Нұрлан Ауғанбаев.
Еске салайық Рамиль Мухоряпов «адам орыс тілін біле тұра қазақша жауап берсе, бұл мәдениеттің белгісі емес» пікір айтты. Бұл Қазақстан халқының наразылығын тудырды.
Кейін бизнесмен қазақстандықтардан кешірім сұрап, бейнеүндеу жолдаған еді. Сол уақытта бас прокуратура бизнесменге қатысты тексеруді бастағанын айтқан.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.