Азаптау ісі бойынша күш құрылымдарының 17 қызметкері сотталды

Бүгін Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша Бас прокуратура алқасының кеңейтілген отырысы өтіп, нақты мәліметтер айтылды, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Бас прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен кезеңде ел бойынша қылмыс деңгейі 17% — ға (74650-ден 61442-ге дейін) төмендегені айтылды.
Сондай-ақ прокуратураның үйлестіруімен аймақтардағы қылмыстық жағдайға нақты әсер еткен 10 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілген.
– Жалпы, азаптау фактілері бойынша күштік органдардың 35 қызметкеріне қатысты істер сотқа жіберілді. 17 адам сотталды. Қадағалау және ден қою актілері бойынша мемлекетке 10 млрд теңге өтелді, 37 млрд теңге сомасына мүлік, 400 мың гектар жер қайтарылды. Түрлі жауапкершілікке 11 мың адам, оның ішінде әкімдіктер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері тартылды. Сотқа дейінгі 116 тергеп-тексеру басталды, 65 адам сотталды, – деп жазылған хабарламада.
Коллаж: Halyq Uni
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.