English version

«Азаттық» радиосының қырғыз басылымы сот шешімімен жабылды

Контекст дня — 27 апреля 2023 18:10
0 -1

Қырғызстан «Азаттық» радиосының қырғыз басылымын жауып тастады.

Бішкек соты Азаттықтың Қырғыз қызметінің («Азаттык Медиа») жұмысын ақпарат құралы ретінде тоқтату туралы өтінішін орындаған, деп хабарлайды Exclusive.kz Азаттыққа сілтеме жасап.

Министрлік өкілдері шағымда Азаттық сайтын жабуға түрткі болған қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс туралы «Настоящее время. Азия» арнасының бағдарламасы жойылмағанын және әлеуметтік желіде таратылып жатқанын жазған.

Шағым түсіруші «Азаттык Медианың» заңға қайшы әрекет етіп отырғанын, «БАҚ туралы заңда» соғысты насихаттауға тыйым салынғанын айтқан.

Бұл жағдайға қатысты халықаралық ұйымдар, саясаткерлер Азаттыққа еркін ақпарат таратуға мүмкіндік беруді талап еткен.

Фото: РБК


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.