English version

Қажылыққа барушыларды визамен алдаған турфирма басшысы ұсталды

Контекст дня — 25 ноября 2023 17:50
0 -1

Қажылыққа барушыларды визамен алдаған туристік фирманың басшысы ұсталды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Тергеу нәтижесі бойынша «Zam Zam Qazaqstan» туристік компаниясының басшысы Сауд Арабиясына қажылықты заңсыз ұйымдастырғаны әшкереленді.

Polisia.kz мәліметінше, Сауд Арабиясы мемлекеттік органының ресми сайтына ұқсас, қажылық жасауға берілген виза растайтын жалған сайтты құру фактісі анықталды. 22 қарашада сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Айта кетейік, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де мәліметтер жария етілмейді.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.