Азия чемпионаты: Қазақстандық спортшы ауыр атлетикадан жүлдегер атанды
Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында ерлер арасында 81 келіге дейінгі салмақта 2 зілтеміршіміз өнер көрсетіп, Александр Уваров күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Ханчжоу-2022 Азия ойындарының қола жүлдегері жұлқа көтеруде 153 кг, серпе көтеруде 190 кг көтеріп, қоссайыс қорытындысында 343 кг көрсеткішпен 2-орын иеленді.
Ерлер. 81 кг
1 орын – Ри Чонг Сонг 369 кг (169+200)
2 орын – Александр Уваров 343 кг (153+190)
3 орын –Гайгысыз Тораев 337 кг (148+189)
5 орын – Әлібек Рақымберді 298 кг (130+168)
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.