Азия ойындары кезінде қомақты қаржы жымқырған шенеунік ұсталды
Астанада Туризм және спорт министрлігі жанындағы Спортты дамыту дирекциясының лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі мөлшерде ақша ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
2022 жылы Қазақстан құрамасының Азия ойындарына қатысуы үшін Қытайда жасалған сапасы өте төмен спорттық аяқ киім мен рюкзактар сатып алынып, оның құны үш есе көтермеленген.
ҚМА елордалық департаментінің мәліметінше, жеткізуші аталған тауардың отандық өнім екені жайлы жалған құжаттарды ұсынған. Салдарынан мемлекетке 383 млн теңге шығын келген.
– Сот санкциясымен Дирекция басшысының орынбасары қамауға алынды. ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды, – деп жазылған хабарламада.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.