Ағайынды Нығматулиндер қылмыстық іске қатысы бар деген күдіккке ілінді - Exclusive
Поддержать

Ағайынды Нығматулиндер қылмыстық іске қатысы бар деген күдіккке ілінді

Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулин мен оның егіз інісі Ерлан Нығматуллиндер рейдерлік әрекетке қатысты қылмыстық іс фигуранттары атанды.

– Балқаш оқиғасына келсек, екі ірі кәсіпкердің қарым-қатынасы жемқорлыққа қарсы қызметтің орталық аппараты тергеп жатқан қылмыстық іс аясында қаралуда. Ол 2022 жылдың сәуірінде қозғалды. Осы іс аясында Сұлтанбеков жәбірленуші деп танылды. Тергеу тобы құрылды. Бұл істің бір бөлігі ретінде Нығматулиндердің қатысы, олардың ықпалы, патронаттығы дәл солай бағаланып, тергелуде, – деді астаналық адвокаттар алқасының адвокаты Мәулен Әлімбаев.

ҚазТАГ мәліметіне сай, 2012 жылы Ерлан Нығматулин мен кәсіпкер Қуат Сұлтанбеков арасында жанжал шықты. Бұл жағдайдан кейін балқаштық кәсіпкер Қуат Сұлтанбеков 21 жылға бас бостандығынан айырылды. 2012 жылдың 27 қаңтарында Балқаштан Астанаға келе жатқан жолда Сұлтанбеков заңсыз қару сақтады және алып жүрді деген күдікпен ұсталды.

Фото: скриншот




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *