АҚШ «Әл-Қаида» террор тобының жетекшісінің көзін жойды
АҚШ «Әл-Қаида» террор тобының жетекшісі Айман әл-Зауахиридің көзін жойды.
Азаттық мәліметінше, өткен жексенбіде Кабулда Усама бен Ладеннен кейін «Әл-Қаида» террор тобын басқарған Айман әл-Зауахири ұшқышсыз аппарат зымыранымен өлтірілген.
Әл-Зауахири 2001 жылы АҚШ-та жасалған аса ірі террорды ұйымдастырушы негізгі адамдардың бірі болған.
Джо Байден әл-Зауахиридің қайда тұратынын АҚШ барлауы анықтағанын айтты. Барлау қызметі басшыларымен бірнеше рет кеңескеннен кейін Байден Зауахири тұратын Кабулдағы үйді зымыранмен атуға бұйрық берген. Зымыранмен екі рет атқан. Сол маңайда тұратын әл-Зауахиридің отбасы мен өзге де адамдар зардап шекпеген.
Комментариев пока нет