БҚО-да бизнесмен өліміне қатысы бар күдіктілерге іздеу жарияланды - Exclusive
Поддержать

БҚО-да бизнесмен өліміне қатысы бар күдіктілерге іздеу жарияланды

БҚО полициясы бизнесменді өлтірді деген күдіктілер туралы тың ақпарат айтты.

Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

– Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 1991 жылы туған Қожантаев Руслан Фархатұлы, 2001 жылы туған Амангелді Тұрлан Сырлыбайұлы іздеп жатыр, олар 06.08.2022 жылы сағат 19.55-те Махамбет көшесіндегі 15 ғимараттың жанында кісі өлтірілгеннен кейін қылмыс орнынан жасырынған, – делінген хабарламада.

Аймақ полициясы аталған адамдарды іздеуге және ұстауға департаменттің барлық күштері мен құралдары жұмылдырылғанын, полиция қызметкерлері олардың жүруі мүмкін барлық орындарды тексеріп жатқанын атап өтті.

– Бұл қылмыс БҚО полиция департаментінің басшылығының күнделікті бақылауында тұр. Егер күдіктілердің ықтимал немесе нақты орналасқан жері туралы ақпарат болса, 102 пультіне немесе 98-45-30 нөміріне хабарлауды сұраймыз, – деп хабарлады полиция.

Еске салайық, жақында Орал қаласында бірнеше кафе мен мейрамханаға ие болған танымал бизнесменге қастандық жасалды. Кейін бейнебақылау камераларынан екі жас жігіттің қашып келе жатқан бейнежазбп тарады. Күдіктілердің біреуінің қолы қанға боялған.

Фото: БҚО ПД




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.