English version

Бүгін Қазақстанда жер сілкінісі болды

Контекст дня — 12 февраля 2023 18:13
0 -1

Бүгін таңертең Қазақстанда жер сілкінді. Магнитудасы 3,8 жер асты дүмпулері Алматыдан 303 шақырым жерде тіркелген, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– ҚР ТЖМ «СТӘЭ» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісінде 2023 жылғы 12 ақпанда Алматы уақыты бойынша 8 сағат 10 минут 58 секундта (2023 жылдың 12 ақпаны, Гринвич бойынша 02 сағат 10 минут 58 секундта) жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 303 шақырым жерде орналасқан, – деп жазылған «Алматы» ҚҰҰ кезекші операторы хабарламасында.

Айта кетейік, жер сілкінісінің эпицентр координаттары 43,35° с.б 80,65° ш.е. Тереңдігі 15 шақырымды құрайды.

Фото: ашық дереккөз

Изображение 1 для Бүгін Қазақстанда жер сілкінісі болды
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.