English version

Бөкейханов туралы кітаптың авторы «Достық» орденімен марапатталды

Контекст дня — 29 октября 2022 18:10
0

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік ғалымның Әлихан Бөкейханов туралы кітабы үшін орден мен алғыс хат табыстады.

27 қазан күні Мәскеуде Әлихан Бөкейханов: Дәуір адамы кітабының тұсаукесері өтті. Автор Виктор Козодой кітап мазмұнына бұрын ғылыми айналымда қолданылмаған мұрағаттық құжаттар, естеліктер, сол жылдардағы газеттер мен басылымдарды қолданған.

Бұған дейін кітаптың тұсаукесері Қазақстанның бес қаласында (Астана, Алматы, Павлодар, Семей, Қарағанды) өтті. Кейін бұл кітап Мәскеуде алғаш рет танымал ресейлік ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен көпшілікке таныс болды.

– Бүгін Достық орденінен бөлек Қазақстан президенті Тоқаев мырзаның жеке алғыс хатын табыстады. Енді менің кітаптарымды ғалымдар ғана емес, тәуелсіз мемлекеттердің басшылары да оқиды деп айтуға негіз бар – деді профессор Козодой.

Изображение 1 для Бөкейханов туралы кітаптың авторы «Достық» орденімен марапатталды

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.