English version

«БҰҰ комитетіне жүгінеміз»: Мамайға қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

Контекст дня — 29 июня 2023 18:31
0

Апелляциялық сот Жанболат Мамайға қатысты сот үкімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы саясаткердің әйелі, құқық қорғаушы Инга Иманбай мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– Жанболат Мамайға шығарған сот үкімі өзгеріссіз қалды. 6 жыл шартты түрде сотталды, 6 жылға қоғамдық-саяси, журналистік қызметтен шеттетілді.
Ешқандай өзгеріс жоқ. Бүгін Жанболаттың оқшауда отырғанына 499 күн болды. Күрес мұнымен тоқтамайды. Енді Жоғары сотқа жүгінеміз, одан кейін БҰҰ комитеті бар.
Қаншама халықаралық ұйымдар мәлімдеме жасады, БҰҰ Жұмыс тобы шешім шығарды. Соған қарамастан, билік репрессивті саясатын жалғастырды.
Саяси реформа, өзгеріс деген осы ма? – деп жазды Инга Иманбай facebook парақшасында.

Еске салайық, белсенді Жанболат Мамай сот үкімі бойынша 6 жылға шартты түрде сотталған еді.

Коллаж: ulysmedia


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.