English version

Бұл туралы Мәжіліс отырысында бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді

Контекст дня — 25 апреля 2023 15:35
0 -1

ҰҚК Алматы департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәжилов 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша бұрынғы басшысы лауазымы мен өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін айыпты деп танылды.

Сондай-ақ Нұрлан Мәжилов 10 жылға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында лауазымдарды атқару құқығынан, ҰҚК генерал-майоры арнайы атағынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, 2022 жылдың наурыз айында Нұрлан Мәжилов қамауға алынған еді. Бұл туралы Мәжіліс отырысында бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.