English version

Бөлекпаев Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды

Контекст дня — 8 декабря 2022 14:50
0 -1

Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды.

Мәслихаттар депутаттарының көпшілігі Бөлекпаевтың кандидатурасына дауыс берген. Депутаттардың қарауына өңір әкімі лауазымына екі кандидатура ұсынылды – Аймақов Сержан Жаңабекұлы және Бөлекпаев Ермағанбет Қабдулаұлы. Мемлекет басшысының тиісті хатын Әлихан Смайылов оқыды.

Ашық дауыс беру нәтижелері келесідей қалыптасты: С.Аймақовтың кандидатурасын 40 депутат қолдады, Е.Бөлекпаевқа 138 депутат дауыс берді. Жиналысқа барлығы 178 депутат қатысты.

– Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермағанбет Қабдұлұлы Бөлекпаев Қарағанды облысының әкімі лауазымына тағайындалды, – деп жазылған Жарлықта.

Ермағанбет Бөлекпаев 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Қарағанды қаласының әкімі болды, оған дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Облыс әкімінің орынбасары қызметіне дейін Астана қаласы Есіл ауданының әкімі болды.

Фото: Ukimet

Изображение 1 для Бөлекпаев Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.