Ya Metrika Fast


English version

«Бүлік және әскери төңкеріс»: Ресейде не болып жатыр?

Контекст дня — 24 июня 2023 12:00
0
Изображение 1 для «Бүлік және әскери төңкеріс»: Ресейде не болып жатыр?

«Вагнер» жасағы Ростовта әскери төңкеріс жасамақ болды. Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі қарулы бүлікке шақырған «Вагнер» әскери компаниясының жетекшісі Евгений Пригожиннің үстінен қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы БАҚ және Telegram-арналарда түрлі ақпараттар тарады, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– Біз Ростовқа келдік. Бас штаб бастығы мен Шойгуды көргіміз келеді. Олар жоқ кезде біз осында боламыз, Ростов қаласын бақылауға алыа, Мәскеуге барамыз, – дейді Пригожин бейнежазбада.

Сондай-ақ, Евгений Пригожин Ростовтағы барлық әскери нысандарды бақылауға алғанын айтты.

Ростов облысының губернаторы Василий Голубев өзінің Telegram арнасында Ростовта демалыс күндері жоспарланған барлық іс-шаралар тоқтатылғанын жазды.


Ал Мәскеуде қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Жергілікті биліктің мәліметінше, жағдайды құқық қорғау органдары мен ФСБ бақылайды. Сондай-ақ қалада терроризмге қарсы іс-шаралар жүріп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Қорғаныс министрлігі, ФСБ, ІІМ, Росгвардия Владимир Путинге тәулік бойы есеп беріп отырғанын айтқан болатын. Владимир Путин әзірге ешқандай ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Евгений Пригожин – ресейлік кәсіпкер және «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясының (PMK) негізін қалаушы.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.