БҰҰ Мамайдың сотына қатысты Қазақстан үкіметіне үндеу жасады
БҰҰ жөнсіз ұстаулар жөніндегі жұмыс тобы тіркелмеген «Демпартия» жетекшісінің ісі бойынша мәлімдеме жасап, Жанболат Мамайды бостандығынан айыру жөнсіз екенін айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz.
БҰҰ Қазақстан үкіметінен Жанболат Мамайды босатып, белсендіге өтемақы төлеуді сұрады. Сондай-ақ халықаралық жұмыс тобының мәліметінше, ҚР Үкіметі аталған мәлімдемеге қатысты алты ай ішінде жауап беруі қажет.
Айта кетейік, белсенді Жанболат Мамай сот үкімі бойынша 6 жылға шартты түрде сотталған еді.
Ол билік өкілдерін өздерінің қызметтік міндеттерін пайдалану кезінде қорлағаны, көрінеу жалған ақпарат таратқаны және жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.