Б. Назарбаевтың денсаулығына қатысты тың деректер айтылды
«Салиқалы ұрпақ» қоры Болат Назарбаевтың денсаулығы туралы ақпарат жариялады.
– Біз Болат Назарбаевтың ауыр халде екенін және 2015 жылдан бастап онкологиялық аурудан емделіп жатқанын хабарлаймыз, – деп хабарлады қоғамдық қордың директоры Қасым Қасабеков.
Кеше қазақстандық БАҚ Болат Назарбаевтың төсек тартып жатқаны туралы ақпарат таратты.
«Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының сайтында 69 жастағы Болат Назарбаев қоғамдық қорды құрушы ретінде көрсетілген.
Фото ашық деректерден
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.