БҚО: 150-ге жуық киік өлексесі табылды
Батыс Қазақстан облысында 150-ге жуық киік өлексесі табылды. Жәнібек тірек пунктінің тобы анықтағандай, киік өлексесінің 95 пайызы – төлі, 5 пайызы – аналығы, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі Батыс Қазақстан облысындағы киіктердің өліміне қатысты түсініктеме берді.
– Патологиялық материалдарды, сонымен қатар, аумақтағы өсімдік, топырақ және ауа сынамаларын алу үшін оқиға орнына «Бөкейорда» резерватының қызметкері мен Жәнібек ауданының ветстанциясы, санэпидқызметі өкілдері жіберілді. Сынамалар алынғаннан кейін өлекселер Жәнібек әкімдігі мен «Охотзоопром «ӨБ»РМҚК қызметкерлерімен жойылады, – делінген хабарламада.
Фото: Экология министрлігі
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.