Ya Metrika Fast


English version

БҚО әкімінің бірінші орынбасары жемқорлық бойынша күдікке ілінді

Контекст дня — 8 августа 2023 16:50
0
Изображение 1 для БҚО әкімінің бірінші орынбасары жемқорлық бойынша күдікке ілінді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасарына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Exclusive.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол «Аqjaiyq» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасарына оның сенім білдірілген адамдарымен жұмысты нақты орындамай-ақ өтеулі қызметтер көрсетудің жалған шарттарын жасасу туралы заңсыз нұсқау беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікке ілінген.


– Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке айтарлықтай зиян келтірілді. Күдіктіні процессуалдық ұстау кінәні толық мойындауға байланысты қолданылмады. Қылмыстық іс жеделдетілген тәртіппен аяқталып, сотқа жолданды. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – деп жазылған хабарламада.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.