English version

БҚО: Тоқаев машина жасау зауытымен танысты

Контекст дня — 9 марта 2023 17:10
0 -1

Қасым-Жомарт Тоқаев «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» акционерлік қоғамына барып, зауыттың жұмысымен танысты, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зауыт басшысы кәсіпорынның мұнай мен газ, күрделі металл конструкцияларын өндіруге, өңдеуге, тасымалдауға арналған жоғары технологиялық жабдықтар шығарумен айналысатынын баяндады.

Компания – General Electric компаниясының газ турбинасы бойынша стратегиялық серіктесі. Зауыт аумағында «Baker Hughes General Electric Company» сертификаттаған және BHGE мамандарының ұсыныстарына сәйкес заманауи технологиялық құралдармен жабдықталған қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді.

Сондай-ақ зауыт ауыл шаруашылығының қажеттіліктері үшін Fregat себелеп суаратын машиналар өндірісін дамыту жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

– Кәсіпорын жұмысымен танысқан Мемлекет басшысы жаңа жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, өндіріс орны мұнай-газ және энергетика салаларына арналған жоғары технологиялық жабдықтар шығарады, сондықтан бұл салаларда отандық машина жасау өнімдерінің үлесін арттыру маңызды, – деп жазылған хабарламада.

Фото: Ақорда


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.