Бұрынғы Қорғаныс министрінің ісі сотқа түсті
Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың ісі 18 қазан күні мамандандырылған ауданаралық әскери сотына берілді.
Мұрат Бектанов 21 ақпан күні қылмыстық кодекстің 452 бабы, яғни әрекетсіздік фактісі бойынша қамауға алынып, күдікті деп танылды.
Экс-министрге қаңтар оқиғасы кезінде жұмысына жауапсыз қарады деген айып тағылды. Бектанов 4 айдан астам уақыт Қорғаныс министрі болды.
– Қаңтар оқиғасы кезінде Қарулы күштер өзіне сенімсіз әрі қабілетсіз басшылық салдарынан жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде атқара алмады. Министр Бектанов командирлік қабілетін көрсете алмады. Әскери жаттығулар кезінде оң нәтиже көрсеткен армиямыз бола тұра, сын сағатта әлеуетін пайдалана алмадық. Сырттан көмек шақыруға мәжбүр болдық, – деді Тоқаев.
Фото: ашық дереккөз

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.