Ya Metrika Fast


English version

БҰҰ ядролық қарудан толық бас тартуға шақырды

Контекст дня — 7 августа 2023 17:50
0
Изображение 1 для БҰҰ ядролық қарудан толық бас тартуға шақырды

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш ядролық қарудан толық бас тартуға шақырды, деп хабарлайды Exclusive.kz БҰҰ сайтына сілтеме жасай отырып.

Жапонияның Хиросима қаласындағы Бейбітшілік мемориалының жанында сөз сөйлеген БҰҰ басшысы әлемде ядролық тәуекелдер күшейгенін атап өтті.

– Қырғи қабақ соғыс кезінде пайда болған ядролық қауіп қайтадан күш алды. Кейбір елдер бұл қаруды қолданамын деп қорқытады. Ядролық қаруы бар мемлекеттер оны ешқашан пайдаланбауға міндеттеме алуы керек, – деді Гуттериш.


Айта кетейік, Венада ядролық қаруды таратпау туралы шарт (ЯҚТШ) бойынша келіссөздер өтіп жатыр. Келіссөздер 11 тамызға дейін созылады.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.