English version

Бағалар тұрақты болады деп уәде бере алмаймын – Сауда министрі

Контекст дня — 22 ноября 2022 17:50
0 -1

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин жаңа жылдан кейін Қазақстандағы бағалар тұрақты болады деп уәде бере алмайтынын айтты.

Журналистер министрден елдегі инфляция мәселесіне қатысты сұрақ қойды.
– Мен сіздерге баға тұрақты болады деп ешқашан айтқан емеспін. Біздің мақсатымыз – баға импульсін тоқтату, – деді ол.

Серік Жұманғарин бағаны тұрақтандыру үшін Қазақстанға азық-түлікпен қамтамасыз ету және азық-түлік қауіпсіздігін арттыру қажет екенін айтты.

– Қазір азық-түліктің 40%-ы Ресейден жеткізіледі. Бұрын 1 рубль 4 теңге болатын, қазір 8 теңге. Ресейдегі азық-түлік инфляциясы 15% құрайды. Осыдан кейін баға қалай тұрақтанады? Бағалар көтерілмейді, бірақ мен тұрақты болады деп уәде бере алмаймын, — деп жауап берді министр.

Айта кетейік, 19 қараша күні Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов премьер-министр Әлихан Смайыловқа азық-түлік бағасының үздіксіз өсуі үшін сын айтып, депутаттық сауал жолдаған еді.
Фото: ашық дереккөз

Изображение 1 для Бағалар тұрақты болады деп уәде бере алмаймын – Сауда министрі
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.