БАӘ Қазақстанға көмек ретінде миллион доллар қаржы бөлді
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында «Әл-Бахр» сарайында БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Премьер-министр биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, осы уақыт ішінде дипломатиялық қатынастар стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілді.
— Біз өзара қызығушылық тудыратын экономиканың барлық салаларында кең ауқымды ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниеттіміз. Сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктеріне Қазақстанның халықаралық бастамаларын әрдайым тұрақты түрде қолдап отырғаны үшін алғыс айтамыз, — деді Әлихан Смайылов.
Премьер-министр соңғы жылдары түрлі салалардағы бірлескен жобалар санының өсуі байқалып отырғанын айтты.
— Инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі арттыру және тереңдету үшін айтарлықтай әлеует бар. Үкімет инвесторларға олардың бастамаларын іске асыруда жан-жақты қолдау көрсетуге әзір. Жақын арада біз жаңа бірлескен жобаларды іске қосамыз деп үміттенемін, — деді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар Премьер-Министр БАӘ Президентіне Қостанай облысындағы орманды қалпына келтіру жұмыстарына $1 млн көлемінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты. Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерін ерекше достық қатынастар байланыстыратынын атап өтті.
Фото: Ukimet
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.