Бақытгүл Хаменованың ісі туралы тың дерек пайда болды
Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова өзінің қорғаушысына бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініш білдірді. Сот қылмыстың ауырлығына байланысты өтінішті қабылдамады.
2021 жылдың желтоқсан айында Атырау облысы әкімінің сол кездегі орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев ұсталды. Олар Абай ескерткішін орнатуға мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 4,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді.
Хаменова 12 желтоқсан күні соттылығы жоқ және кәмелетке толмаған балалары бар жалғызбасты ана болғандықтан үй қамағына алынды. 23 желтоқсанда үй қамағын түрмеде ұстауға ауыстырды.
2016 жылы Хаменова жыл Атырау қаласындағы колледж директоры ретінде «Нұр Отан» партиясының съезінде Назарбаев туралы мақтау сөз сөйлегеннен кейін күтпеген жерден депутаттық мандат алды.
Фото: atpress.kz

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.