English version

Байқоңыр тұрғындарына Украинадағы соғысқа қатысу үшін ақша ұсынған

Контекст дня — 14 февраля 2023 15:10
0 -1

Байқоңыр тұрғындарына Украина жеріндегі соғысқа қатысу үшін ақша ұсынған, деп хабарлайды Exclusive.kz Kazakhstan Today-ге сілтеме жасап.

– Байқоңыр әкімшілігі төрағасының 2023 жылы 7 ақпандағы №46 қаулысына сәйкес Байқоңыр қаласында тұратын мобилизацияланған азаматтар және арнайы операцияға өз еркімен қатысқысы келетін, келісімшарт бойынша әскери қызметтен өткісі келетіндерді әлеуметтік қолдау шарасы ретінде 260 мың рубль көлемінде бір реттік қаржылай өтемақы тағайындалды, – делінген прокуратураның хабарламасында.

Төлем тәртібіне сәйкес, әскери қызметші немесе Байқоңыр қаласы әкімдігінің халықты әлеуметтік қорғау бөліміне белгіленген нысан бойынша біржолғы төлемге өтініш береді. Әскери қызметшілерге біржолғы төлем қаражаты қаралғаннан кейін олардың өтініштерінде көрсетілген Ресей Федерациясының кредиттік ұйымдарындағы шоттарға аударылады.

–Әскери қызметкердің өтініші қабылданып, қаржы аударылатын мерзім 20 жұмыс күнінен аспайды. Сәйкес қаулы қала әкімшілігінің ресми сайтында жарияланған және күшіне енді, – делінген хабарламада.

Фото: ашық дереккөз

Изображение 1 для Байқоңыр тұрғындарына Украинадағы соғысқа қатысу үшін ақша ұсынған
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.