Байден Киевке келіп, Украина халқына қолдау білдірді
Бүгін АҚШ президенті Джо Байден Украина астанасы Киевке келді. Ақ үй басшысы Киевке көмек көрсетінін атап өтті, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Украина президенті Владимир Зеленский Мариин сарайының алдында Байденді күтіп алды. Украина мен Америка делегацияларының мүшелерін таныстырғаннан кейін Украина мен АҚШ президенттері бетпе-бет сөйлесті.
– Бір жыл өтті. Киев орнында тұр. Украина орнында. Демократия күшінде, – деді Байден.
Сондай-ақ Украинаға 500 миллион доллар көлемінде жаңа әскери көмек пакетін беретінін айтты.
Украина президенті Владимир Зеленский әріптесінің сапарын құптады.
– Джозеф Байден, Киевке қош келдіңіз! Сіздің сапарыңыз барлық украиндықтар үшін өте маңызды қолдау болды, – деп жазды Зеленский Telegram-да.
Фото: DW
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.