Байден әлем елдерін Ресейге қарсы тұруға шақырды
АҚШ президенті Джо Байден Владимир Путиннің ядролық қару қолдану мүмкіндігі туралы мәлімдемесіне жауап берді.
Джо Байден БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді Украинаны қолдауға және Ресейдің агрессиясына қарсы тұруға шақырып, Кремльдің көршісінің аумағына басып кіруі бүкіл әлемдегі халықтардың тәуелсіздігі мен егемендігіне қауіп төндіретінін ескертті.
– Бұл соғыс Украинаны мемлекет ретінде өмір сүру құқығынан айыруға бағытталған, – деді Байден.
Байден Ресейдің Украинаға басып кіруін БҰҰ Жарғысын бұзу деп айыптады. АҚШ президенті әлем елдері Украинамен ынтымақтаса отырып, жаһандық ұйымның негізгі қағидаларын қорғауға міндетті екенін айтты.
– Ашығын айтайық, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі көрші елге басып кірді, егеменді мемлекетті жер бетінен жоюға тырысты. Украина егемен ұлт сияқты құқықтарға ие. Біз Украинамен біргеміз, біз Ресейдің агрессиясына қарсымыз, – деді АҚШ президенті.
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.