English version

Байден мен Си Цзиньпин бетпе-бет келіссөз өткізеді

Контекст дня — 11 ноября 2022 15:35
0 -1

АҚШ президенті Джо Байден Қытай басшысы Си Цзиньпинмен кездеседі. Бұл туралы Ақ үйдің ресми сайты хабарлады.

Ақ үйдің мәлімдемесіне сәйкес, Джо Байден мен Си Цзиньпин арасындағы кездесу 14 қараша күні Индонезияның Бали аралында өтеді.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Байден мен Си АҚШ пен Қытай арасындағы байланыс желілерін сақтау, халықаралық қауымдастыққа әсер ететін трансұлттық сын-қатерлерде бірлесіп жұмыс істеу жөніндегі іс-қимылдарды талқылайтынын айтты.

Кездесуде аймақтық және жаһандық мәселелер де сөз болады. Байденнің өзі журналистермен кездесу кезінде Си Цзиньпинмен кездесуі нәтижелі болатынын айтқан.

Коллаж: Сensor.net

Изображение 1 для Байден мен Си Цзиньпин бетпе-бет келіссөз өткізеді
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.