Байден Украинаға заманауи әуе қорғаныс жүйелерін беруге уәде етті
АҚШ президенті Джо Байден Украина басшысы Владимир Зеленскиймен сөйлесіп, Киевті қорғау үшін заманауи әуе қорғанысы жүйелерін беруге уәде берді.
– Байден Украинаға қорғаныс үшін қажетті заттарды, соның ішінде әуе қорғанысының озық жүйелерін беруді жалғастыруға уәде етті, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, АҚШ көшбасшысы Ресей әскерлерінің Украинаның инфрақұрылымдық нысандары мен қалаларына жасаған зымыран соққыларын айыптады.
2022 жылдың наурыз айының басынан бастап Байден әкімшілігі Украинаға 16,8 миллиард доллардан астам қауіпсіздік көмегін ұсынды.
Джо Байден қазан айының басында Киевке жаңа әскери көмек пакетін бөлгенін мәлімдеді. Ақ үй басшысы Вашингтон Киевке қауіпсіздік мақсатында 625 миллион доллар бөлетінін айтты.
Фото: Rt

Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.