English version

Балабақшадағы қатігездікке қатысты қылмыстық іс қозғалды – Зәкиева

Контекст дня — 24 февраля 2024 18:00
0 -1

Алматыдағы балабақшалардың бірінде соққының астында қалған бала ауруханада жатыр. Жағдайы орташа. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

– Қылмыстық іс қозғалды. Ата-аналар әкімшілік жауапқа тартылуда. Жағдайдың мән-жайы анықталып, балалар тарапынан жасалған мұндай қатыгездіктің себептерінің сараптамасы жасалуда, — деді Динара Зәкиева.

Еске салайық, әлеуметтік желіде Алматыдағы мемлекеттік балабақшада 3 жасар сәбиді топтағы бірнеше бала аяусыз соққыға жыққаны сәттің бейнежазбасы тарады.

Оқиға 21 ақпанда болған. Жәбірленушінің анасының айтуынша, тәрбиеші оқиға болған сәтте жұмыс орнында болмаған.

Фото: скриншот


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.