«Балаларға арналған ұлттық қор» жобасы іске қосылады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Балаларға арналған ұлттық қор» жобасын заң жүзінде бекітті, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Балаларға арналған ұлттық қор» жобасы бойынша алғашқы төлемдер 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап балалардың есепшотына түседі.
1 қаңтардан бастап 18 жасқа дейінгі барлық қазақстандықтар үшін жинақ шот ашылады. Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50 пайызы жыл сайын осы шоттарға аударылады.
Айта кетейік, бала 18 жасқа толғаннан кейін шоттағы қаражат 10 жыл бойы сақталады. Егер азамат осы уақыт ішінде оларды пайдаланбаса, қаражат оның зейнетақы шотына аударылады. Азамат жиналған ақшаға білім алып, баспана сатып алуға құқылы болмақ.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.