«Балаларыңды жібермеңдер»: Әскерде мерт болған сарбаздың анасы үндеу жолдады
Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы шекара қызметінде әскери борышын өтеп жүріп, өз-өзіне қол жұмсаған сарбаздың анасы президентке үндеу жолдап, көмектеуін сұрады.
Үндеуде балаларыңды әскерге жібермеңдер деген марқұмның анасы «әскерде қандай ақша керек» деген сауал қойды. Сондай-ақ, бұл істі аяқсыз қалдырмайтынын жеткізді.
– Әскерге дені сау болып кеткен бала неге өліп келеді? 2 күн емес қазір денесін кеспей әкеп берсін. Екінші рет балаларыңды әскерге жібермеңдер! Ресейден бе, басқа жақтан алдырсын. Қазақстанды қырып бітетін болды. Ақша, ақша, бәрі ақша. Міне, хаттары тұр жіберілген. Әскерде қандай ақша ол?! Қамтамасыз ете алмасаңдар неге әкетесіңдер?! Өзінің ауруы бар екен дейді. Ауру болса, неге аласыңдар?! Мен мұны жауапсыз қалдырмаймын! Президент мырза, балам өлді деген хабар алып тұрмыз. Ақшадан қиналып өлдім деп жазыпты. Президенттің қабылдауын сұраймын, жауапсыз қалдырмаңыздар, — деді анасы Facebook желісінде.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет