English version

«Басқа пәле тілден»: Путинді қолдаймын деген депутат мандатынан айырылады

Контекст дня — 19 января 2023 14:50
0 -1

Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаев Азаттыққа сұхбат беріп, Ресей-Украина соғысында Ресейдің позициясын қолдайтынын айтты. Оның бұл пікірі қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаев «Ақ жол» партиясынан шығарылды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.

– Ұлттық кеңестің шешіміне сәйкес: 1. Әбілдаевты «Ақ жол» демократиялық партиясынан шығару туралы шешім қабылданды; 2. Осыған байланысты «Ақ жол» партиясы ОСК-ға Әбілдаевтың депутаттық мандатын тоқтату туралы хат жолдады, – деп жазылған хабарламада.

Әбілдаев украин басшыларын «нацистер» деп атап, Украина халқы жазға дейін президент Владимир Зеленскийді сотқа береді деген пікір айтқан.

Коллаж: Exclusive.kz


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.