Бас мүфти Рамазан айында азық түлік бағасын төмендетуге шақырды
Қазақстанның Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлер мен сауда орталықтарының басшыларын қасиетті Рамазан айында азық-түлік бағасын 10%-ға дейін төмендетуге шақырды, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– Игі амалдар бірнеше есе болып қайтарылатынына күмәнданбаңыздар. Қасиетті Рамазан айында дүкендерде алкоголь сатпауға және тұтынбауға тырысыңыздар. Сондай-ақ мүмкіндігінше ауыз ашу рәсімінде құдайы астар өткізіңіздер, – деп кеңес берді Наурызбай қажы Тағанұлы ОКҚ брифингінде.
Орталық мешіттің наиб-имамы осы айда сауапты істер жасап, жекелей алғанда, мүмкіндігінше халыққа жеңілдіктер жасауға шақырды.
Еске салайық, биыл қасиетті Рамазан айы Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келеді және наурыздың 23-де басталады. Пітір-садақаның мөлшері бір адамға 535 теңгені құрайды.
Фото: Muftyat.kz
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.