Бас прокуратура Челахтың ісіне қатысты мәлімдеме жасады
ҚР Бас прокуратурасы Владислав Челахтың ісін қайта қарау туралы өтінішін әлі де қарап жатыр. Бұл туралы Мәжілісте ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz.
«Челах бойынша шағым біздің қарауымызда. Нәтижесі туралы ақпарат береміз. Жауап алынған жоқ», – деді Шындалиев.
Еске салайық, бұған дейін Челахтың анасы ұлынан Бас прокуратура қызметкерлері жауап алғанын айтқан болатын.
2022 жылғы 22 желтоқсанда Қазақстанның Бас прокуратурасы Челахтың ісін қайта қарауға уәде берді.
Коллаж: Halyq Uni

Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.