Бас прокуратура Күдебаевтың елге өз еркімен оралғанын жоққа шығарды
Түркияда ұсталған Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевтың ұлы Арман Мырзақұлов әкесінің Қазақстанға өз еркімен оралғанын айтқан еді. Бас прокуратура Күдебаевтың ұлының сөзін жоққа шығарды, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– Күдебаевты ұстап, елге қайтару үшін құқық қорғау және арнайы органдар шетелдік серіктестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, орасан зор жұмыс атқарды. Интерпол күштері қосылып, Түркияның Әділет министрлігіне оны экстрадициялау бойынша материалдар жіберілді, – деп жазылған хабарламада.
Бас прокуратура Серік Күдебаевтың Түркияда қалуға құжаттар тапсырғанын айтты.
– Ол Түркияда тұруға ықтиярхатты ресімдеу үшін құжаттар тапсырды. Шетелдік әріптестердің көмегімен Күдебаев Түркия Республикасының аумағында ұсталып, Қазақстанға жеткізілді, – деп жазды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.