Бас прокуратура Түркістандағы жантүршігерлік қылмыс туралы мәлімдеме жасады
Бас прокуратура Түркістан облысының Сарыағаш ауданында зорлықпен көз жұмған жасөспірім қыздың өлімі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша орын алған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда. Күдікті Г. 2006 жылы адам өлтіргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталғаны анықталды.
– Президенттің тапсырмасына сәйкес жеке адамға қарсы аса қауіпті қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған заңнамалық түзетулер топтамасы әзірленуде. Осы қылмыстар бойынша санкцияларды қайта қарау, жазаларды тағайындау және одан босату, соттылығын өтеу тәртібін, жеке адамға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін жазасын өтеп жатқан адамдарға әкімшілік қадағалауды белгілеу шарттарын өзгерту мәселелері пысықталуда, – деп жазылған хабарламада.
Қылмыстық істі тергеп-тексеру барысы Бас Прокурордың жеке бақылауына алынды.
Коллаж: aikyn.kz



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.