Ya Metrika Fast


English version

Бас прокурордың орынбасары Самат Әбіштің ісі туралы пікір білдірді

Контекст дня — 27 сентября 2023 16:50
0
Изображение 1 для Бас прокурордың орынбасары Самат Әбіштің ісі туралы пікір білдірді

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты тергеу амалдары қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Мәжіліс кулуарында журналистер Әсет Шындалиевтен Самат Әбіштің неге қамауға алынбағанын сұрады.

– Самат Әбішке қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Іс тергеліп жатыр. Тергеудің қандай бағытта жүріп жатқанын мен айта алмаймын. Мәсімов, оның бұрынғы орынбасарлары да, Самат Әбіш те арнайы қызметте жұмыс істеді.
Бұл мәселеде сіздер ғана емес, мен де білмейтін құпия құжаттар бар, – деп жауап берді Бас прокурордың орынбасары.


Бас прокуратура Самат Әбіштің шетелге қашып кетпеуіне кепілдік бере ме деген сұраққа Шындалиев “қашпайды” деп жауап берді.

Коллаж: Halyq Uni


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.