Ya Metrika Fast


English version

Бас әскери прокуратура Тұрлыхановтың ұлының ісіне қатысты шешім шығарды

Контекст дня — 18 апреля 2023 18:10
0
Изображение 1 для Бас әскери прокуратура Тұрлыхановтың ұлының ісіне қатысты шешім шығарды

Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлының бұзақылық әрекетіне қатысты істі тергеу аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– Іс бойынша тергеу амалдарын әскери прокуратура қадағалады. Қылмыстық іс аяқталды. Қазір ол соттың қарауында. Ол мерзімді әскери қызметте жүрген сарбаз. Ол аталған қылмысты жасаған кезде демалыста болған. Нақты үкімді сот шығарады, яғни тиісті шешім жарияланады, – деді Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары.


Еске салайық, Алматыда заңгер Анна Дмитриевич пен оның күйеуі Олег Чернов соққыға жығылған еді. Кейін Дәулет Тұрлыханов баласының бұзақылық әрекетіне байланысты пікір білдірді.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.