Басы дауға қалған Шүменов 5 жылға сотталуы мүмкін
Ішкі істер министрлігі «MEGA SILK WAY» сауда орталығындағы бұзақылыққа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Астанадағы СОО-дағы кафелердің бірінде белгілі боксшы Бейбіт Шүменовтің қолында баласы бар азаматпен жанжалдасқан сәті әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.
– Қазіргі уақытта осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу басталды, ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді, – деп жазылған хабарламада.
Ішкі істер органдары барлық қажетті жедел-тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша құқықтық баға беріледі.
Коллаж: aikyn.kz
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.