Батыр Жүкембаев қарсыласын нокаутпен жеңді
Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев Алматыда өткен бокс кешінде қарсыласы Холани Мкотелиді жеңді. Жүкембаев бірінші жартылай орта дивизионда өнер көрсетті.
Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған еді, бірақ 6-шы раундта Жүкембаев қарсыласын нокаутқа жіберді.
Осылайша қазақстандық боксшы мансабындағы жиырмасыншы жеңісіне қол жеткізді. Айта кетейік, бұл Батыр Жүкембаевтың Қазақстанда өткізген алғашқы жекпе-жегі. Бұған дейін 31 жастағы боксшы барлық жекпе-жектерін Канада мен АҚШ-та өткізген.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.