Батыс Қазақстанда бюджет қаражатын жымқырған директор ұсталды
Батыс Қазақстан облысында Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директоры алаяқтық жасады деген күдікке ілініп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Тергеу деректерінен белгілі болғандай, күдікті 2021-2022 жылдары алдау арқылы жалпы сомасы 57 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған.
– Бұл қаражатты БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы «Artsport» бағдарламасы бойынша жан басына қаржыландыру шарты шеңберінде балаларды оқыту бойынша көрсетілетін қызметтерге «Ақжайық ФК» ЖШС-не бөлген. Соттың санкциясымен ол қамауға алынды. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, қазір қалған адамдардың қылмысқа қатысы тексеріліп жатыр.
Фото: ашық дереккөз



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.