Бауыржан Байбекке қатысты қылмыстық іс қозғалды – дереккөз
Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек Сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстық іс бойынша күдікке ілінді.
Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек қала әкімдігінің басшысы болып жұмыс істеген кезде сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасады деген күдікке ілінді, – деп хабарлады El Media.
Әзірге басқа мәліметтер жоқ. Айта кетейік, Бауыржан Байбек 2015 жылдың тамыз айынан бастап 2019 жылдың маусым айына дейін Алматының әкімі болды, 2013 жылдың қаңтар айынан бастап Nur Otan (Қазіргі – Amanat) партиясының бірінші орынбасары, 2009 жылдың тамыз айынан бастап Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметін атқарды.
9 маусым күні Бауыржан Байбектің Түркияда жүрген бейнежазбасы тарады.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.