Бейбіт Атамқұлов жаңа қызметке тағайындалды
Бейбіт Атамқұлов жаңа лауазымға ие болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
– Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды, – делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Босния мен Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды.
Фото: ашық дереккөз

Поделиться публикацией
Рекомендуемое
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.